Take a fresh look at your lifestyle.

Видео: Алматы Орталық мешітінде Құран хатымының дұғасы оқылды

0 415
Маусым айының 9 күні, Алматы Орталық мешітінде Рамазан айында басталған Қасиетті Құранның хатымы аяқталып, хатым дұғасы оқылды. Биылғы жалы да Құранның хатымы әдеттегідей 15 күнде түсірілді.
Тарауық намазы аяқталысымен Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет бастаған жамағат алақан жайып, хатым дұғасын жасады. Баршамыз білетіндей, осы жылғы тарауық намазын Орталық мешіттің нәиб имамдары, елге танымал қари Ерсін Әміре Абу Юсуф пен Орталық мешітке жаңа тағайындалған қари Ахметов Серік жүргізді.
Құранның хатым дұғасын Ерсін қари оқыды. Артынша ұстаз Сансызбай Құрбанұлы жер жүзінің барша мұсылмандар үшін, еліміз бен жеріміз үшін Алла Тағаладан жарылқау тілеп, мемлекетіміздің мәртебесін арттыруын, Ислам дініміздің қуаттануын, ауызбіршілігіміз бен егемендігімізді нығайтуын, ата-бабамыздан біздерге аманат болып қалған кең байтақ жерімізді ішкі және сыртқы жаулардан сақтауын сұрап дұға етті.
Алла Тағаладан Құран хатымын өткізген қариларымыз үшін екі дүниенің бақытын тілеп, мейірім-шапағатына бөлеуін сұраймыз. Баршамыздың тұтқан оразаларымыз, жасаған құлшылық-ғибадаттарымыз қабыл болсын дей келе, тарауық намазы Рамазан айының соңына дейін оқылатындығы жайлы ескертеміз.
11.06.2017

Сохранить

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.