Take a fresh look at your lifestyle.

Бас имам

0 320

Садырханов Жұманазар Өсерханұлы – Исламтану ғылымдарының магистрі, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әрі атақты хафиздерінің бірі. Ол 1996 жылы, 16 жасында Түркияның Стамбул қаласында оқып жүрген шағында-ақ қасиетті Құран Кәрімді жатқа алған. Қазақстанға оралғаннан кейін, 1997 – 2000 ж.ж. аралығында Алматыдағы Ислам Институтында білім алған.

2002-2013 ж.ж. аралығында Алматы қаласының Орталық мешітіне наиб имам болып, жемісті еңбек атқарған.

2000 – 2013 ж.ж. аралығында Алматы қалалық Орталық мешітте 13 жыл бойы Құран – хатым түсіріп келген.

2013 – 2015 ж.ж. аралығында «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистратура оқыған.  

Алматы қаласындағы «Аманқұл ата» медресесінде сабақ бере жүріп, Республикалық Құран жарыстарының жүлдегерлері болған 12 – 23 жас аралығындағы 10 хафизді тәрбиелеп, ғылым жолына баулыған.

Индия, Малайзия, Ливия және Қырғызстандағы Құран хатым жарыстарында, Орта Азия бойынша екі рет 2 – орынға ие болған. Қазақстандағы Қарилар комиссиясының құрметті мүшесі.

Үйленген. Үш қызы, екі ұлы бар.

Сохранить

Сохранить

Сохранить

Сохранить

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.