Take a fresh look at your lifestyle.

«Астана медресесінде» республикалық семинар басталды

0 165

«Астана медресесінде» «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педогогі» тақырыбында республикалық семинар сабақтары басталды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан семинар сабақтары 72 сағаттық оқу тақырыптық жоспар негізінде іске асады. Курстың ашылу салтанатына ҚМДБ наиб мүфтиы, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мен ҚМДБ білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Қыдырбайұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарға Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына қарасты барлық медресе, колледждер мен Ислам институтынан барлығы жетпістан аса ұстаздар қатысуда. Бұл шараны «QAZSERT» Қазақстан Республикасының сертификаттау, тесттілеу және кәсіптік бағдарлау ұйымдарының қауымдастығының білікті, тәжірибелері ұстаздары өткізіп жатыр. Курс бағдарламасында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, заманауи педагогикалық менеджмент жаңа форматтағы оқытушы ретінде дәрістер беруде. Республикалық біліктілікті арттыру курсы  12 тамызға дейін жалғасады. Семинарға қатысатын оқытушылар осы уақыт аралығында Астананың көрікті жерлерін аралап, мәдени шараларға қатысады. «Нұр Астана» орталық мешітінің атсалысуымен біліктілігін арттыруға келген оқытушылар арасында  спорттық ойындар ұйымдастырылады. Семинар соңында қатысушыларға біліктілігін растайтын арнайы сертификаттар табысталады.

ummet.k

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.