Take a fresh look at your lifestyle.

Министр имамдардың қанша жалақы алатынын жария етті

0 479

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қазақстандық имамдардың қанша көлемде жалақы алатынын жариялады. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

“Бұл мәселе әсіресе алыс ауылдар үшін өте маңызды. Үлкен қалалардың имамдардың материалдық жағдайлары жақсы болғанымен, алыс ауылдарда олай емес. Имамдардың жалақысы жәшікке түскен садақаға тікелей байланысты. Біраз ауылдарда имамдар 20 мың теңгедей ғана алады”, – деді министр.

Министрдің айтуынша, енді имамдардың жалақысы 20-80 мың теңге аралығында болмақ. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдар мен мешіт қызметкерлеріне арнайы ақша бөлмейді. Жергілікті әкімдіктерді де мешіттерге тұрақты көмек көрсетіп отыр деп айтуға келмейді деді Ермекбаев.

Сондай-ақ, қазіргі таңда еліміз бойынша 158 имам қажет екен. Бұған дейін министр дін саласындағы маңызды мәселелерді шешу үшін арнайы корпоративтік қайырымдылық қоры құрылғанын мәлімдеген болатын.

islam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.