Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ 1000 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ӘЗІРЛЕДІ

0 249

Жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясына атсалысатын дін қызметкерлері биылда әр өңірлерде ауқымды шаралар өткізуде. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда «Мектепке жол» акциясының ауқымында 1000 балаға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарын табыстады.

«Білім алу, үйренуге ұмтылу – шынайы мұсылмандық қасиет. Аллаға шүкір елімізде сіздердің заманауи білім алып, білікті маман атануларыңыз үшін барлық жағдай жасалып келеді. Сол себепті де, терең білім алу жолында аянбай, талмай ізденіп, ел тізгінін берік ұстайтын азамат болып өсулеріңізге тілектеспін. «Мектепке жол» акциясы жыл сайын жүзеге асатын дәстүрлі ізгі жобаға айналды. Осынау сауапты бастамаға үлес қосып, демеушілік жасаған дін жанашырларына, жекелеген азаматтарға алғыс айтамыз. Алла Тағала ізгі амалдарыңызға сауаптан жазып, мейіріміне бөлесін», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Іс шараның  басты мақсаты аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке барар кезінде киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, демеу жасау. Бұл «Мектепке жол» акциясы республика бойынша әр мешітте жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Тек Алматы қаласы бойынша өткен жылы 1500 оқушыға мектеп формасы мен қажетті заттар табысталған.

«Бас мүфтидің өзі келіп, «Мектепке жол» акциясына қатысып, сыйлық беруі қуаныш сыйлады. Осы шараға төрт балам қатысты. Көп балалы отбасылардың барлығы балаларына мектепке қажетті заттарын ала алмайды. Бұл акция осы тұрғыда пайдасы көп. Сол себепті осы акция имамдар тарапынан дәстүрлі түрде, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатынына қуаныштымын. Балалар бақытты болсын. Ал осы акцияның ұйымдастырылуына мұрындық болып, бар қамқорлығын балалардан аямай көмектесіп жатқан азаматтарға алғыс айтамын», – деді Гүлзат Аманқұлов есімді көп балалы ана.

 «Маған мектепке қажетті заттарды берді. Оның ішінде сөмке, дәптер, күнделік, сызғыш, өшіргіште бар.  Өтте қуаныштымын. Енді жақсы оқып, білім алатын боламын», – дейді 5 сынып оқушысы Абдулазиз Мәуленқұл.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.