Take a fresh look at your lifestyle.

Астанада құрбан шалатын орындар белгіленді

0 1  073

Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07.00-де елорданың 8 мешітінде мерекелік «Айт намазы» оқылады. 3 қыркүйекке дейін құрбандық шалу өтеді. Астанада құрбандық шалуда мал союға арналған белгіленген негізгі орындар анықталды.

 Құрбан айт кезінде мал союға рұқсат берілген орындар: 

1.  «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш, 30 тас жолы («Көк Базар» базар жақта);

 Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 11, 34, 38, 41, 53, 58, 120, 127;

2.  «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы);

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 71;

3.  «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар»  тас жолы 9 шақырым;

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады:№ 307;

4.  «Мақсат 2007» ЖШС, «Железнодорожный» ТМ, ул. Ақжар, 20;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 15,22;

5.   «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары),  Тілендиев көшесі, 24;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады:№ 4, 71, 81;

6.   «Темеш» ШҚ, Астана-Софиевка тас жолы 7 шақырым;

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 307;

7.  «Мамырханов» ЖК, «Өндіріс-1» ЖМ;

Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 24;

8.  Есжанова А. ЖК, «Жайлау», «Алаш» тас жолы, Ц313 көшесі;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады: № 7, 34, 38, 39, 41, 120, 127;

9.  «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңында;

Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады:№ 308, 309;

10.  «Сапа Су» ЖШС, Қосшы кенті, 4340 ү., Қосшы кентінің маңында.

d5400b20cd07b98b4804590353a

Сонымен бірге, 28-29 тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық филиалы «Нұр Астана» орталық мешітінде шариғат бойынша құрбандық шалудыға арналған қасапшылар үшін екі күндік оқыту семинары өтеді.

Семинарға кез-келген адам қатыса алады. Өзіңмен бірге жеке куәлік пен санитарлық кітапшаны әкелу қажет. Семинардың басталуы сағат 09.00-де, мекенжай: Астана қ. Қабанбай батыр даңғылы 36.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.