Take a fresh look at your lifestyle.

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ – МЕККЕДЕ

0 431

Қазақстандық 2500 қажы Мекке қаласына жетті. Отандастарымыз қонақүйге орналасып алысымен әл-Харам мешітіне бет алып, кіші қажылығын өтеді. Жерлестеріміздің қажылық рәсімдерін дұрыс атқару үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бөлінген діни мамандар жол көрсетіп, тиісті мағұлматтар беруде. 

Қажылық миссия өкілдері Мекке қаласында турфирма жұмысын қадағалау, бақылау іс-шараларын жүзеге асыруда. Ал дәрігелер дер кезінде медициналық көмек көрсетуде. 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Бауыржан Әлиұлы бастаған уағызшылар тобы Қазақстан қажылары орналасқан қонақ үйлерді аралап, қажетті сұрақтарға жауап беруде. Атап айтқанда, қажылық рәсімдерін білместікпен дұрыс орындамаған отандастарымызға қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Ал ҚМДБ Қажылық бөлімінің мамандары жалпы ұйымдастыру жұмыстарын жоспар бойынша орындауда.

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.