Take a fresh look at your lifestyle.

МЕККЕДЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

0 447

Мекке шаһарында Қазақстан Қажылық миссиясы жанынан медициналық көмек көрсету орталығы ашылды. Медициналық орталықтың ашылу рәсіміне миссия жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім басшылары қатысты.

«Елімізден қажетті дәрі-дәрмектің 150 түрі Мекке мен Мәдина қалаларына жеткізілді. Бір мезетте 5-6 адамды осы орталықта жатқызып, қажетті ем-дом жасай аламыз. Одан бөлек қосымша бөлмелерде алғашқы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар. Миссияға 1 жедел жәрдем көлігі де бөлінді.

Бұдан басқа 17 қажылық компанияларына бөлінген дәрігерлер де өз міндетін атқаруда. Күн сайын миссия өкіліне атқарған жұмыстары туралы есеп беріп отырады. Қазірше, Аллаға шүкір, аса алаңдайтын оқыс оқиға тіркелмеді. 24 сағат бойы қажыларды қабылдап, қажетті емдек шараларын жүзеге асырып отырмыз», – деп атап өтті Қажылық миссия өкілі, дәрігер Руслан Ізбасаров.

Айта кетейік, Мекке қаласына жеткен 2500 қазақстандық қажы Қағбаны тауап жасап, күн-түн демей құлшылық етуде.

www.muftyat.kz  

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.