Take a fresh look at your lifestyle.

ЕРТЕҢ ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛАДЫ (ФОТО)

0 392

Астана. 31-тамыз. Sunna.kz – Ертең мұсылман қауымның қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады.

Ертең еліміздің барлық өңіріндегі жергілікті мешіттерде Құрбан айт намазы оқылады. Таңғы 06:00-де айт намаздың алдында құран оқылып, 06:30-де құрбан айт жөнінде уағыз-насихат айтылады. Айт намазы Астана қаласындағы мешіттерде таңғы сағат 07:00-да басталады деп жоспарлануда. Намаз оқылып біткеннен кейін Өкілдіктің құбандық шалуға арнайы бағадарлаған орындарында әрбір мұсылман шама-шарқына қарай Алла разылығы үшін құрбан шалу рәсімін атқарады. 

Исі мұсылман қауымның ұлық мейрамы – қасиетті Құрбан айт миләди календарымен 01-кыркүйек күні басталып, 03-қыркүйек күні күн батқанға дейін құрбандық шалынады. Ислам шариғаты бойныша қасиетті мереке үш күнге жалғасады. Ұлық мейрам Жаратушы Алланың жолында Құрбан шалу – ол адамдарды дүниеқоңыздықтан арылтып, Алла жолында тәуекел етуге тәрбиелейтін игі амалдардың бірі. Бұл ардақты Пайғамбар Ибраһимнан қалған сүннет амал. Қасиетті Құран Кәрімнің Кәусәр сүресінің 2-аятында: «Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқып, құрбан шал», – делінген.

Аталмыш Құрбан айттың бірінші күні бесін намазынан кейін, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар қари Өсерханұлының және де мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, мешіт ауласында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар жүріледі.  Қол күрес, асық ату, арқан тарту т.б ойын түрлерінен жарыстарға қатысып, жеңімпаз болған сайыскерлер бағалы сыйлықтармен мараптталады. 

Құрметті елордалық мұсылман қауым, жылына бір рет айналып келетін айт намазынан (сауаптан) қапы қалмаңызбар!

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.