Take a fresh look at your lifestyle.

Биыл “Нұр-Мүбаракта” 400-дей шәкірт алғашқы студенттік билетке ие болмақ

0 419

Ш.КЕРІМ, проректор, профессор: Ең әуелі тәртіп пен білім!

Мемлекеттік әнұранмен басталған жаңа оқу жылының алғашқы салтанатты жиынынға қолына студенттік билетті жаңадан ұстайтын 386 шәкірт қатысты, оның тең жартысы мемлекеттік білім грантының иелері. Биылғы оқуға түскендер саны жылдағыдан екі есе көп.

“Ассалаумағалейкум” деп қазақшалап амандасқан “Нұр-Мүбарак” университетінің проректоры, профессор Ш.Керім мырза оқу орын табалдырығын аттаған жастарды барша ұстаздар атынан шын жүректен құттықтап, Мысырдан таяу күндері келетін ректор, профессор Жуда Басюни мырзаның ыстық сәлемін жеткізді.

Еліміздің ішкі-сыртқы мәселелерінен бастап университеттің ішкі тәртіптеріне дейін тоқтаған проректор студенттерден ең алдымен тәртіп пен білім талап етілетінін баса айтты. Бауыржан Момышұлы атамыздың “Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды” деген сөзіне сай, тәртіпке бағынбай, білім алуға құлықсыздық білдірген студенттер оқудан шеттетілетілуі әбден мүмкін. Себебі еліміздің ертеңіне, мемлекет болашағына білімді маман ғана емес, жауапкершілікті азаматтардың аса қажет екендігі жіті ескертілді.

Ал ұстаздар тарапынан сөз алған “Дінтану” кафедрасының доценті, шәкірттердің ғана емес, университеттің тыныс-тіршілігі үшін бар ынта-ықыласымен еңбек етуші ғалым оқытушы Базар Хамзеева ханым студенттер арасында жиі кездесетін қателіктер мен олқылықтар жайлы ойын ортаға салып, ішкі тәртіп пен оқу орнының абыроймен атқарып жатқан жұмыстарына нақты тоқталып өтті.

Жаңа оқу жылы басындағы бұл ескертулер, әлбетте студенттер үшін аса маңызды және жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан, әрбір топ өздерінің куратор-эдвайзерлерімен танысып, жаңа дәрістерін бастап кетті.

 “Нұр-Мүбарак” университетінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.