Take a fresh look at your lifestyle.

Еліміздің сегіз өңірінде -3 градусқа дейін үсік жүреді

0 1  141

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты Астана қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 12 қыркүйек күні Астана қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 13-14 қыркүйек күндері түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

12-ші қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерін тұман басады, жауын-шашын жауып, оның соңы қарға ұласады. Солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін.

12-13 қыркүйек күндері түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. 12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде минус 3 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал. Петропавл қаласында 12 қыркүйек күні түнде топырақ бетінде минус 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей аумақтарда 23 м/с артады.

12-13 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты жауады, желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін. 13-14 қыркүйек күндері түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік күтіледі. 12-13 қыркүйек күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр) күтіледі, кей жерлерде қатты жауады, 12 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Түнде 12 қыркүйекте Ақтөбе, 12-13 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан, 13-14 қыркүйекте Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде -3 градус үсік күтіледі.

inform.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.