Take a fresh look at your lifestyle.

МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНАН ДАРВИН ТЕОРИЯСЫН АЛЫП ТАСТАЙТЫН БОЛДЫ

0 147

Түркия билігі елдегі мектеп бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізуді қолға алып отыр. Келесі оқу жылынан бастап енді Түркия оқушылары биология пәнінен Чарльз Дарвиннің «адам маймылдан пайда болған» деген теориясын оқымайтын болады. Бұған қоса, оқу бағдарламасынан ірілі-ұсақты тағы 170 тақырып алынып тасталатын көрінеді.

Түркия билігінің бұл шешімі әдеттегідей алуан түрлі көзқарастар мен пікірлер қақтығысына түрткі болды. Перзенттерінің Ислам құндылықтарына сүйенген оқу бағдарламасы бойынша білім алуын қаламайтын ата-аналар да баршылық екен. Ал, оппозиция мен кейбір ұйымдар қарсылық акциясын ұйымдастырып, Түркия мемлекетінде оқу жүйесі зайырлы болуын талап етуде.

muslim.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.