Take a fresh look at your lifestyle.

Әлемдік Нобель сыйлығы Кадзуо Исигуроға бұйырды

0 424

Әдебиет бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын тегі жапон британ жазушысы Кадзуо Исигуро иемденді. Бұл туралы сыйлықтың ресми сайтындағы тікелей эфирде хабарланған.

Исигуро оқырмандарға “Біз жетім болғанда…”, “Ноктюрндер: музыканың 5 тарихы және түннің басталуы”, “Отбасылық кешкі ас”, “Жерленген алып” романдары арқылы белгілі.

Швед академиясының хабарламасында сыйлықтың “автордың таңғажайып эмоционалды қуатқа ие романдарында әлем мен шыңырау арасындағы байланыстың бұлдыр бейнесін көрсете алғаны үшін” берілгені айтылады. Автор өзінің “Күнжарым” атты үшінші романы үшін Букер сыйлығын да жеңіп алған.

Нобель комитеті 2017 жылдың әдебиет аталымы бойынша лауреатын жариялады. Ол – Нагасакиден шыққан постмодернист жазушы Кадзуо Исигуро. Кадзуо Исигуро 1954 жылы Нагасаки қаласында мұхиттанушы Сидзуо Исигуроның отбасында дүниеге келген. Алты жылдан соң ата-анасы, екі қарындасымен бірге Ұлыбританияға қоныс аударады.

Кадзуо Исигуро алған сыйлығы жайында BBC-ге: «Бұл – үлкен абырой. Әйгілі жазушылардың ізін басып келемін деген сөз. Қазіргі таңда әлем аумалы-төкпелі жағдайда тұр. Беріліп жатқан Нобель сыйлықтары жақсылықтың жаршысы болады деп үміттенемін. Сол жақсылықтарға өз үлесімді қоса алатыным үшін де көңілім қатты толқып тұр», – деп пікір білдірді.

Биыл әр Нобель сыйлығының сомасы 9 млн швед кронын (1 млн АҚШ доллары) құрап отыр. Бұған дейін химия, медицина және физика салалары бойынша Нобель сыйлығы иегерлерінің есімі белгілі болған еді.

Былтыр, дәл осы уақытта Американ ақыны әрі музыкант Боб Дилан Нобель сыйлығының әдеби саладағы лауреаты атанған болатын.

Дайындаған Бақытбек Қадырұлы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.