Take a fresh look at your lifestyle.

Ақсақалдарға «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы таныстырылды (ФОТО)

0 404

10-қазан. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ақсақалдар алқасына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің бекітуімен, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.

Астана қаласы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітнің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен жыл бойы мешітте арнайы дәріс алып жатқан ақсақалдар алқасына, бүгін найб имам Жасұлан Абутәліп қазіргі кезде аса өзекті болып отырған мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназа намазы, жерлеу рәсімдері және қабір мәселелері, зиярат етуге қатысты амалдарды түсіндірді.

«Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарудағы негізгі мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу. Жаназа намазы – пенденің дүниедегі һәм өзгелердегі соңғы ақысы. Жаназасын шығару мұсылмандар үшін парыз кифая. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс һәм бағзыдан келе жатқан ұлттық салт. Осы кітапта жаназа және жерлеу рәсімдерінің шариғатта көрсетілген жолдары мен түрлі мәселелері талқыланды. Кітап исламтанушы, дін­танушы, теолог мамандармен қатар жалпы ізгі ниетті оқырман қауымға арналады.

Имам таныстырлым барысында, өлім-жітімде жиі болатын, әсіресе, ақсақалдар қауымына алда осы кітаппен амал ету қажет екендігін айтты.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.