Take a fresh look at your lifestyle.

ЖАМАҒАТҚА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

0 534

12қазан. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ақшам намазынан кейін арнайы дастархан жайылып, жамағат пен имамдар бас қосты.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті біршама жаңа имамдар және ұстаздармен толықты. (Жаңа қызметкерлер жайлы ертең қасиетті жұма намазынан кейін қызметке қабылдау рәсімін ресми жариялайтын боламыз).

Ақшам намазынан кейінгі басқосуда «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов жамағатқа жаңа уағызшы ұстаздарды таныстырды. Бас имамның нұсқауымен, Хасеки академиясының түлегі Оңғар Хайридинов және найб имам, исламтанушы Рашид Алпысбаевтар тағылымды уағыз айтты. Сондай-ақ, ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Астана қаласы Өкілдігінің тапсырмасымен, бұдан былай екі аптада бір жамағатқа арнайы дастархан жайып, уағыз-насихат өткізіп тұру жоспарланып отыр.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.