Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ДІН САЛАСЫН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША БІРНЕШЕ ТАПСЫРМА БЕРДІ (ФОТО)

0 4  651

2017 жылғы 6 қарашада мүфтияттың Алматы қаласындағы ғимаратында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарманың бөлім басшылары мен дін қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиналыста латын әліпбесіне көшу мәселесі бойынша нақты тапсырмалар берді. 

Жиын барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқармаға қарасты ақпарат құралдарын және мешіт атауларын латын әліпбиіне кезеңмен көшіру бағыты бойынша сапалы жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.  

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажеттігін тапсырған болатын. Латын әліпбиіне көшу маңызы өте зор.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлес қосатыны сөзсіз. Діни басқарма осы мақсатта бүгінен бастап латын әрпіне көшіру жұмыстарын кезең-кезеңімен қолға алу керектігін жеткізді.
Бірінші: Қалалардағы үлкен мешіттерден бастап, аудан, ауыл мешіттерінің атауларын жаңа әліпбиге көшіру жұмыстарын тапсырамын.
Екінші: Діни басқармаға қарасты ақпарат құралдарының жұмыстарын латын әрпіне көшіруді тапсырамын. Дін саласына қатысты ақпарат тарататын газет-журналдар, сайт-порталдар, «Хикмет» телерадио студиясының жұмыстарын көшіруді қолға алуымыз керек», деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұы.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұы аталған бағыттар бойынша жұмысты ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Мәжиев Ғылымбек Жәдігерұлына тапсырды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.