Take a fresh look at your lifestyle.

ДОСАЙ КЕНЖЕТАЙ: ДІН МЕН ШАРИҒАТ ЕКІ БӨЛЕК

0 3  330

Расында дін құбылысы мен оның шарғи яғни нормативтивтік қыры екі бөлек. Матуриди ақидасында дін мен шариғатты бөлек аспектілеріне қарай анықтаған, сипаттаған, таныған және солай тұжырымдаған. Бүгінгі эпистемиология да солай қабылдайды. Мысалы зайырлы қоғамда дін құбылысы оған сенетіндерді де сенбейтіндерді де өз ықпалына алады. Себебі дін тек қана иманнан ғана тұратын ритуалдық институт қана емес. Оның мына мәдениетпен қарым қатынаста болатын одан басқа да ондаған қыры бар. Ал шариғаттың тек нормалық және ритуалдық қыры ғана бар. Сондықтан дін құбылысы мәдениеттің барлық қырымен астаса алады. Ал шариғат тек қана дәстүрмен, құқықтық нормалармен, моральдық таныммен шектеледі. Дін ислам құбылысы қазақтың ішінен шыққан атеисті, агностигі, момыны, салафы, сопысы, христианы тағы басқасына бірдей ықпал ете алады. Себебі ол дін қазақ болмысының мәні, мәдениетінің мазмұны. Ал шариғат қабаты қазақтың атеистіне, христианына, агностигіне, сенбейтініне әсер ете алмайды. Дін мен шариғат сондықтан да екі бөлек аспекті. Бірі болмыстық ал бірі нормалық сипатта басым келеді. Бұл сараптама дінтанушылық феноменологиялық анықтамалар бойынша да солай…

(Ескерту: сайтта жарияланған кез келген материал сайттың және мекеменің көзқарасын білдірмейді. БАҚ кез келген азаматтың ашық пікір алаңы. Егерде мұндай тосын пікірлерге қарсы уәж айтам деуші азаматтар болса сайт парақшасы қашанда ашық!)

Мартеиал: Белгілі дінтанушы, теолог-ғалым

Досай Кенжетайдың фейсбук парақшасынан алынды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.