Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ АСТАНАДА АУДАН ИМАМДАРЫНА ДӘРІС БЕРДІ (ФОТО)

0 2  569
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астана қаласы «Әлжан ана» мешіті жанындағы республикалық имамдар орталығында оқып жатқан аудан имамдарына дәріс берді.

Дәрісте діннің тармақты мәселелері бойынша үкім шығарудың мәні мен мағынасы, сонымен қатар шариғи пәтуа берудің тәсілдері жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, Бас мүфти талақ берудің шарттары туралы баяндап берді.

ҚМДБ төрағасы аудан имамдарын пәтуа беру мәселесінде Құран, хадис үкімдерінен кейін дәстүрге, ғұрыпқа, жағдаятқа, қолданыстағы заңнамаларға мән беруге шақырды.

«Бүгінгі имам жан-жақты білімді болуы тиіс. Ғылымның әрбір саласынан хабары болған дін қызметкері кез келген адамға өз деңгейінде уағыз айта алады. Сонымен қатар, пәтуа беру дәрежесіне жетеді. Сіздердің әрқайсыларыңыз осындай биік дәрежеге жетулеріңіз қажет. Алла Тағала алып жатқан білімдеріңізге сай амал етіп, елдің игілігі үшін қызмет ете беруді нәсіп етсін», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.

Дәріс соңында дін қызметкерлері Бас мүфтиге өздерін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде сауалдарын қойып, жауап алды.

  ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.