Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: 2018 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

0 2  989

Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен алқалы жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2018 жылы атқаратын жұмыс жоспары талқыланды.

Жиналыста насихат жұмыстарын жандандыру, ақпараттық түсіндірме шараларын жоғары деңгейге көтеру, мүфтияттың қайырымдылық іс-шараларын пысықтау, діни сауат ашу курстарының сабақ кестесі, пәтуалар тақырыбын бекіту, т.б. мәселелер сөз болды.

«Діни басқарманың әрбір бөлім меңгерушісі өзіне жүктелген міндеттерді уақытылы орындап, бөлімнің жұмысын жандандыруға қатысты нақты ұсыныстарын беруі тиіс. Сіздерді өз қызметтеріңізге аса жауапкершілікпен қарауға шақырамын», – деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

 ҚМДБ баспасөз қызметі

 www.muftyat.kz 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.