Take a fresh look at your lifestyle.

Нұрсұлтан Назарбаев: Рухы мықты ел қандай қиыншылыққа болса да төтеп береді (ВИДЕО)

0 743

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен кездесіп, өзекті сауалдарына жауап берді.

Атап айтқанда, Астанада өткен «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне және оның экономикалық әсеріне кеңірек тоқталды.

Сондай-ақ еңбек миграциясы, жасыл экономика қағидаттарын енгізу және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелерін жан-жақты тарқатып айтты.

Елбасы қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығын да атап өтіп, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жөнінде де ой бөлісті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзіне қатысты да сауалдар қойылды.

Айта кетейік, төртінші билік өкілдерінің Елбасымен сұхбаты дүйсенбі күні, яғни 25 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Биылғы жылды тәмамдап келе жатырмыз. Әр жылымыздың үлкен белес, көп жұмыс. Халық үшін, ел үшін еңбек етіп келе жатырмыз. Бұл жыл да табысты болды деп ойлаймыз. Жалғыз ол саяси жаңғыру мәселесі емес, басқаларды да шештік. Дегенмен сұрақ қойылғаннан кейін айтайын жаңағы үш бағдар: бірінші – экономика, екінші – саясат, онан кейін рухани бірге жүреді. Біздің экономикалық жасаған шаруаларымыз елге белгілі. Осы 26 жылдың ішінде Қазақстанның өз аяғынан тік тұрып, белгілі мемлекет болып, халықтың жағдайын түзетті. Саяси жағынан баяғы советтік  жүйеден бүгінгі заманға сай заманауиға көштік. Либералдық саясатты жүргізіп келе жатырмыз. Алдымызға үлкен мақсаттар бар. 2050 жылға дейін елдің үлкендеуі, 30 озған елдің арасына ену. Сол үшін тек қана экономика мен саясатпен қана қала алмаймыз. Рухани жағдайымызды бірге өсіру керек. Рухы мықты ел қандай қиыншылыққа болса да төтеп береді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.