Take a fresh look at your lifestyle.

МӘУЛІТ ТӘБӘРІГІ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

0 800

27-желтоқсан. Астана. Sunna.kz – Мәуліт тәбәрігі таратылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамашылығымен, еліміздегі барлық мешіттерде діни және ұлттық мейрамдарды ерекше көңіл-күймен қарсы алып, һәм жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көрсетілу – қалыптасқан үрдіске айналған болатын.

Осындай тағы бір киелі дата – ол күллі адамзаттқа нұрын шашқан Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айы – мәуліт мерекесі. Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйытқы болуымен, киелі мәуліт айына орай, 10 отбасына азық-түлік үлестірілді. Атап айтқанда, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қатылған отбасыларға ет, күріш, макарон т.б азық-түлік – киелі күннің тәбәргі ретінде тартылды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.