Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ: ШӘКІРТТЕРДІҢ БІЛІМІН КӨТЕРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

0 1  930

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Нұр Мүбарак» университетінің ректоры Жуда Абдулғани Басюниді қабылдады.

Кездесуде Нұр-Мүбарак университетінің даму жоспары талқыланды. Сондай-ақ, Бас мүфти студенттердің  діни және дүниеуи білім сапасын көтеру, ақпараттық-технологиялық сауатын ашу, ұстаздардың тәжірибесін арттыру т.б. мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

«Қазір білім мен ақпараттық технологияның заманы. Шәкірттеріміз өзгелермен жақсылықта жарысуға дайын ба? Бәсекеге қаншалықты төтеп бере аламыз? Адамдармен тіл табысып, көркем уағыз айтуда шәкірттердің ілімі қай дәрежеде? Біз осындай мәселелерге көбірек көңіл бөлуіміз керек. Шәкірттердің білім сапасын арттыру – басты назарда. Шәкірттердің білім сапасын арттыру, ең алдымен ұстаздың ілімді шәкіртке жеткізе білу шеберлігіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты кемел, оқу бағдарламасы мейлінше жетік, оқулық пен оқу құралдарының сапасы қаншалықты жақсы болғанымен осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын кілт – ұстазда», деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

«Нұр-Мүбарак» университетінде қазір бакалавр бойынша 1160  студент білім алуда. Магистратурада 63, докторантурада 26 шәкірт білім алуда.

 Әсет Бектұр

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.