Take a fresh look at your lifestyle.

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ ҚОС НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

0 1  524
Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа тағайындаулар орын алды. Қасиетті жұма намазына жиылған жамағатқа ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы шығып, қабылданып отырған қос қызметкерді таныстырып өтті. «Нұр Астана» Орталық мешітінде бас имам болып қызмет еткен жылдары осы екі имамның ерекше қабілеті мен жұмыс қарқынына куә болғанын жеткізіп, Нұрлан Рамазан мен Марат Бектазинов жайлы жылы лебізін жеткізді.

Қос қанатындай болған қос наиб имамның жаңа жұмыстарына сәттілік тілей отырып, «Әзірет Сұлтандай» республикалық мешітте қызмет атқарудың зор жауапкершілік жүктейтінін де ескерте өтті.

Рамазанов Нұрлан Бекболатұлы  2000-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында орналасқан «Даруль-арқам» Құран жаттау қарилық медресесінде сауатын ашқан. 2003-2005 жылдары Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжінде білім жетілдіреді. 2005-2009 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетін тамамдаған.

Сондай-ақ, Сирияның Дамаск қаласындағы «Фатхул ислам» институтының курсында; Египет астанасы  Каир қаласы «Әл-Әзһар» университетіне қарасты  имамдардың білім жетілдіру курсында; «Нил» араб тілі орталығында; Египет Александрия қаласында Уақыф және Ислам істері министірлігіне қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» орталығында діни білімін жетілдірген.

2009-2011 ж.ж. Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы;
2011-2013 ж.ж. Атырау облысы Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы;
2013-2014 ж.ж. Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы болды.
2014 жылдан бастап «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы қызметін атқарған.

Бектазинов Марат Дәлелханұлы Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжінде, «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам университетінде білім алған.

2000-2003 ж.ж. Аягөз қалалық қазақ лицейінің араб тілі және дін тарихы пәндерінің оқытушысы;
2003-2005 ж.ж. Аягөз қалалық орталық мешітінің ұстазы;
2006-2009 ж.ж. Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №1 «Кәусар» интернаты директорының орынбасары;
2009-2011 ж.ж. Қарағанды облыстық №1 орталық мешітінің ұстазы;
2009-2011 ж.ж. Қарағанды облыстық «5 канал» телеарнасында діни редакторы және жүргізушісі;
2011-2013 жылдар қажылық компаниясының менеджері;
2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің маманы;
2013-2016 ж.ж. «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы;
2014-2016 ж.ж. «Астана медресесі» директорының бірінші орынбасары;
2016 жылдың наурыз айынан бастап «Нұр Астана» Орталық мешітінің наиб имамы қызметтерін атқарған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.