Take a fresh look at your lifestyle.

ӘЙЕЛДАР ЖАМАҒАТЫ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІН ҰЛЫҚТАДЫ (ФОТО)

0 2  525

6-желтоқсан. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті әйел жамағатына арналған Мәуліт мерекесі өткізілді.

Айтізбесі бойынша бұл ай – мүбәрак Мәуліт мерекесі бар Рабиғул-аууал айы. Мәуліт мерекесі – ғаламдардың рақым нұры, екі дүниенің сұлтаны, қараңғылықтың түнегіне қамалып қалғыған адамзат әлемін жарық нұрға бастаушы, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келген айы мұсылман қауымы үшін ерекше мейрам.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті жылдағы үрдіс бойынша, бұл айда түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Осыған дейін Мәуліт оқылып, қайрымдылық шарасы өткізілуімен қатар, бүгін мешітіміздің әйел жамағатына арналған «Үмметіне үлгі болған Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты рухани мәуліт мерекесінің дастарқаны жайылды. 

Аталмыш шарада Астана қаласы, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар қари Өсерханұлы ардақты Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен сыр шертетін естеліктер айта келіп, жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Динара Құтқожақызы қатысып, әйелдер қауымына Мәуліт мерекесінің ерекшеліктерін айтты. Сондай-ақ, игі шараға  Рашид Алпысбев, Серікбол Хаманұлы, Нұрсұлтан Шамшиден, Оңғар Харидинов қатарлы мешітіміздің найб имамдары қатысып жұртшылыққа уағыз-насхат айтты. 

Мерекелік шара аясында 100 адамға мерекелік дастархан жайылды. Рухани кештің бағдарламасы аясында арнайы Мәуліт Шәрифы оқылды. Сонымен бірге, арнаулы қонақтар мен ақсамайлы аналар құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мерейін асырды. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өміріне қатысты сыйлықты сұрақ-жауап сайысы да жиналған жамағатқа Адамзаттың Ұстазы, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның шұғылалы өмір-белестерінен зор мағлұмат берді. 

Шара соңында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Әлия Аусағатова «тойдан тобықтай» деген қазақтың салтымен айтулы кешке жиналған жамағаттың барлығына тәбәрәк сыйлықтар (ҚМДБ-ның сараптамасынан өткен кітаптар және жайнамаз т.б) таратты.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.