Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ «БЕКЕТ-АТА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАЙЫНДА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

0 1  072

Кеше Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінде ақшам намазынан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жамағатпен бірге намаз оқып, Құран оқудың ерекшеліктері жайында уағыз-насихат айтты.

«Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген Бас мүфти жамағатқа осы аталған хадистерді кеңінен түсіндіріп, талқылап өтті.

Кездесу соңында «Бекет-ата» мешітінің 15 жылдығына арналған Құран Кәрім жарысында 1 орын алған мешіт шәкірті Айболат Ұсынаддінұлына және «Бекет-ата» мешітінің наиб имамы Берік Арғынбекұлына мешіттің интернеттік ақпараттандыру саласында үздік қызметі үшін Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қолынан кіші қажылықтың сертификаттары табысталды.

Сондай-ақ,  кіші қажылыққа аттанып бара жатқан бір топ мешіт жамағатына Бас мүфти ақ батасын берді.

 

 “Бекет ата” мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.