Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ: НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСУІМІЗ ТИІС (ФОТО)

0 762
Бүгін Астана қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) кезекті жиналысы өтті, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Кездесуге ҚР Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Әбдіқайымұлы, ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер – Бауыржан Есмахан, Алау Әділбай, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері, РАНТ мүшелері қатысты.

Басқосуда уағыз айтудың әдебі мен тәртібіне қатысты мәселелер сөз болды. Осыған қатысты әзірленген арнайы ереже мәтіні талқыланды.

«Өткен жылы РАНТ мүшелері өңірлерде 1 190 кездесу өткізді. Оған 258 416 адам қатысты. Бұл – жоғары көрсеткіш. Десек те, біз насихат тобының жұмысын жетілдіре түсуіміз керек», – деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы. 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.