Take a fresh look at your lifestyle.

Елорда имамдары «Нұр Астана» орталық мешітінде бас қосты

0 953
Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов Астана қаласының имамдарына жиналыс өткізді, деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Жиналысқа қала мешіттерінің бас имамдары мен наиб имамдары қатысып, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан берілген төрт бағыт бойынша тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Жиында:

1.Уағыз-насихатты күшейту;

2.Теріс пиғылды діни ағымдармен күрес;

3.Қайырымдылық іс-шараларын көбейту;

4.Сауат ашу курсы бойынша атқарылған іс-шаралар, БАҚ-пен жұмыс және басқа да көкейтесті мәселелер ортаға салынды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов қала имамдарына төрт бағыт бойынша атқарылған жұмыстарды жүйелі жолға қою – республика дін қызметкерлерінің негізгі міндеттері екенін айтты. Сондай-ақдіни сауаттылық, діни білім беру саласында елорда мешіттерінде күнделікті шам намазында уағыз айтылып,  апта бойына сауат ашу курстарында елорда жұртшылығы асыл дінмен сусындап келе жатқанын, бұл  бағытта Астана мешіттері жемісті еңбек етіп отырғанын тілге тиек етті. Бас имам қала мешіттері бойынша абыроймен атқарылып келе жатқан іс-шараларға оң бағасын беріп, алда жоспарланған мақсаттарға жұмыла кірісуге, кемшіліктерге жол бермеуге шақырды.

Okildik Jinalys (22)

Okildik Jinalys (10)

Okildik Jinalys (6)

Okildik Jinalys (9)

Okildik Jinalys (23)

Okildik Jinalys (8)

Okildik Jinalys (11)

Okildik Jinalys (17)

Okildik Jinalys (21)

Okildik Jinalys (15)

Okildik Jinalys (19)

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.