Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АСТАНА  – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА (ФОТО)

0 3  249

25-қаңтар. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде 15 отбасына көмек көрсетілді.

Республиканың солтүстік аймақтарында суық ағыс жүріп, табиғат тосын мінезін көрсетті. Бұл аяз, борандар көп жылда бір айналып келетін табиғи құбылыс дейді синоптиктер. Осындай қиын-қыстау кезеңдерде ҚМДБ бірінші болып көмек көрсетуді үрдіске айналдырған болатын.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойыша өкілдігінің бастамашылығымен, «Нұр Астана» орталық мешіті «Астана – мейірімді қала» атты акция ұйымдастыруда.

Аталмыш акцияға Астанадағы барлық мешіттер белсенділік танытып отыр. Осындай ігі-шараның тағы бір көрінісі, бүгін Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен, 15 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық – көмекке жұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы және жалғыз тұратын аналарға түрлі азық-түлік таратылды.

Сонымен қатар, «Ажар» СО және ашық базарларда (сыртта) сауда жасап тұрған азаматтарға ыстық тамақ беріліп, арнайы дастарқан жайылды.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

    

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.