Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ӘЛЕМДЕГІ ДІНИ АХУАЛ ТУРАЛЫ СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

0 3  258
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде белгілі теолог, имам Шәміл Аляутдиновты өз өтініші бойынша қабылдады.

Мәртебелі мейман Серікбай Сатыбалдыұлын жауапты қызметімен құттықтап, тілеулестік ниетін жеткізді.

«Сіздің прогресшіл тұлғаңыз бен діни саладағы белсенді қызметіңіз Қазақстандағы, сонымен қатар Орталық Азиядағы мұсылман үмбетін бірлікке үндеуге ықпал етеді деген сенімдемін. Жаратушы Иеміз жұмысыңызға береке берсін. Алла Тағала Сізге, мүфтият ұжымына жар болсын!», – деді Ш. Аляутдинов.

Кездесуде дін қайраткерлері қазіргі мұсылман әлемінде орын алған діни ахуал туралы ойларымен бөлісіп, түйткілді мәселелердің шешімі жайлы пікір алмасты.

Бас мүфти қонаққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін І Еуразия мұсылман ғұламалары форумы туралы әңгімелеп берді. Мейман өз кезегінде мүфтияттың осынау ауқымды бастамасына қызығушылық танытып, игі жобаның жоғары деңгейде өтуіне ниет білдірді.


    

  muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.