Take a fresh look at your lifestyle.

ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ ЖАМАҒАТПЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО+ВИДЕО)

0 3  238

08-ақпан. Астана. Sunna.kz – Мешітімізге ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа меңгерушісі, исламтанушы-ғалым Сансызбай Құрбанұлы келді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасы аясында, Астана қаласы Өкілдігінің ұйымдастыруымен РАНТ мүшелері жамағатпен кездесуді жалғастыруда.

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, белгілі исламтанушы Сансызбай қажы Құрбанұлы Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жамағатымен кездесті. Ақшам намазына жиналған жамағатқа ұстаз Сансызбай Шоқанов «Береке-бірлік» тақырыбында егжей-тегжейлі талдап-талқылап тағылымды уағыз-насихат айтты. Кездесуге 200-ге жуық жамағат қатысты. Ең бастысы уағызға ұйыған жамағат мол рухани олжалы боп қайтты.

– Бақыт қайда барасың?
– Туысымен татулы,
Жаман сөз жоқ шатулы
Ынтымақты үйге барамын.

 (Қаблиса (Қабан) жырау)

/Уағызды толығырақ видео нұсқасынан көре аласыздар/

  

 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.