Take a fresh look at your lifestyle.

АСТАНА ӨКІЛ ИМАМЫ «С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

0 2  662

15.02. Астана. /SUNNA.KZ/ – ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен, ҚМДБ-ның Астана қаласының өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов «С.Ғылмани» мешітінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында өкіл имам мешіттегі сауат ашу дәрістері мен сабақ беру жұмыстарын және ұстаздардың сабақ беру әдістемелерімен танысты. Әсіресе, қазіргі таңдағы ең өзекті болып отырған теріс ағымның жұмысы жан-жақты пысықталды. Мешіт базар маңында болғандықтан әртүрлі ағымның жамағатары көп екені де жасырын емес, сондықтан теріс ағыммен жұмыс әлі де ілгерілей түсетіндігін атап өтті. Және де мешіттегі күн сайын жүріліп жатқан уағыз-насихат жұмыстарында қадағалап отыруды тапсырды. Сонымен қатар, өкіл имам мешіт баспасөз қызметі жөнінде де бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар жүктеді. Мешіт жанынан салынған «С.Ғылмани» мұражайының жұмысы да назардан тыс қалмады.

Кездесу соңында өкіл имам мешітіміздің бас имамы Жұманазар Садырхановқа атқарылып жатқан игі іс-шараларға табыс тілей келе, мешіт қызметінің әлі де мығым бола беруіне мол сенім білдірді.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.