Take a fresh look at your lifestyle.

БІР КҮНДЕ – БІР ХАДИС (ВИДЕО)

0 7  559

«Әуелі аят, хадис сөздің басы»

Абай хакім

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың ел мешіт-медреселеріндегі діни уағыз-насихатты жетілдіре түсу мақсатында бастаған игі істерінің аясында, Мүфтиятқа қарасты барлық діни-ағартушылық ақпарақтық порталдар жаңа техниканың түрлі мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып келеді.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасымен, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ресми сайты Sunna.kz  порталы «Бір күнде – бір хадис» атты тағы бір жаңа айдармен толықты. Алла жазса, алдағы уақытта күн сайын адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өсиеттері айтылған шағын роликтер жарияланып тұрмақ.

Айдардың алғашқы бастамасын мешітіміздің бас имамы Жұманазар Садырханов «мұсылман адам мен мұсылман емес адамның жасаған жақсылығының қайырымы қалай болатыны» жөніндегі хадисті айтқан болатын.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.