Take a fresh look at your lifestyle.

 «С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІ ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР ҮЙІНДЕ ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ (ФОТО)

0 2  808

1-наурыз. АСТАНА. /SUNNA.KZ/ – Мешіт ұжымы «Қарттар мен мүгедектер» үйіндегі мұқтаж жандарға рухани және материалдық көмек көрсетті.

Республикалық 1-наурыз алғыс айту күні қарсаңында Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен және мешіт жамағатының демеушілігімен «Қарттар мен мүгедектер» үйінде арнайы дастарханын жайылып, рухани-мәдени бас қосу болып өтті.

Арнайы жайылған дастархан басына жиналған жамағатқа «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Нұрсұлтан Шамсидин: адам басына түскен кез-келген қиыншылықтарға төзімді, сабырлы болуға үндейтн тағылымды уағыз-насихат айтты.

Аталмыш шараға ұйытқы болған ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторы және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова апай ондағы тағдырдың ауыр тауқыметін тартқан азаматтардың бір сәтке болсын көңілін серпілтер жылы сөз, жақсы тілегін айтты.

Сонымен қатар, «Әйелдер-қыздар» секторының белсенді мүшелері Қарақат Балтабай, Тазагүл Әмірханқызы сынды әншілер әсем ән шырқап, тыңдарманға әдемі әсер қалдырды. Осындай рухани-мәдени кешке куә болған ұжымның қызметкерлері мен тұрғындары шаттыққа бөленді.

Сондай-ақ, өз кезегінде мекеме басшылығы арнайы келген мешіт ұжымына өз алғыстарын айтты. Жиын соңында жылдағы үрдіс бойынша қарттар мен мүгедек жандарға мешіт атынан тәбәрік сый-сияпат тартылды. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.