Take a fresh look at your lifestyle.

АДАЛ ТАҒАМ – АСТАНАЛЫҚТАР ТАЛАБЫ

0 5  495

Астана қаласының Бас имамдары жиналған  өкілдіктің кезекті отырысында Халал Даму ЖШС-нің Астана қалалық өкілі Абдукаримов Бағдат атқарған жұмыстары жайлы баяндады, – деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі. 

Нарықта адал өнімдерге сұраныс көп. Әсіресе, ет және ет өнімдерін сататын дүңгіршектер «Халал» белгісін өз пайдаларына шешуге тырысып бағуда. Сол себепті, Бас имам Асқар Әбітайұлы «Халал Даму» ЖШС-нің Астана қалалық өкілдігіне  мешіт жамағатының арасында жан-жақты лабораториялық тексеруден өткен, халал стандарттарына сай жұмыс жасайтын ет өнімдерін сататын дүңгіршектерді, асханалар мен дәмханаларды насихаттауды тапсырды. Айталық, қазір Rafe, Capitol, “На кухне” дәмханалары стандарттаудан өтуде.

5

8

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.