Take a fresh look at your lifestyle.

АСТАНА ИМАМДАРЫ БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫСХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

0 104

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінде өткен жиналыста Елорда имамдарына Бас мүфтидің алғыс хаты табысталды, – деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Жиналыс барысында Астана қаласында өткен Еуразия мұсылман ғұламалары форумының ұйымдастырылуына үлес қосқан бас имамдар мен бірқатар мешіт қызметкерлеріне Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы алғыс хаты тапсырылды.

«Асыл дініміздің абыройын асқақтатып, мемлекетіміздің мерейін арттырған Еуразиялық форумды ұйымдастыруға белсенді үлес қосқаныңыз үшін айрықша алғыс білдіремін» делінген алғыс хатта.

Елордалық дін қызметкерлеріне алғыс хатты Бас мүфтидің атынан ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы табыс етті.

 

 

Пікірлер (0)

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.