Take a fresh look at your lifestyle.

ӨТЕЛМЕЙ КЕТКЕН ЗЕКЕТ

0 1  282

– О, Алланың Елшісі! Мен үшін «бай болсын» деп Аллаға дұға еті­ңізші!

Пайғамбарымыз оған:

– Шүкірін өтей алатын аз малың шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе? – деп қайтарып жібереді. Салаба екінші рет келеді. Бұл жолы Пайғамбар қабағын түйіп:

– Аллаға ант етейін, егер шын тілесем мына тау мен тастың бәрі маған алтын боп берілер еді, бірақ мен қаламадым, – дейді.

Шындығында, Пайғамбардың үйінде апта бойы, кейде ай бойы тіске басар тамақ табылмаған кездер болған. Алла Елшісі аузын ашарда 3-4 құрмамен шектелетін.

Уақыт өте келе «Байысам, кедей-кепшік­терге қол ұшын беріп, кө­бірек сауап жинамас па едім» деген ойлар мазалаған Салаба Пайғам­бар­ға тағы да қолқа салады. Егер байыса, жарлы-жақыбайларға кө­мек­тесеті­нін айтып, Алланың атымен ант ішеді. Пайғамбар Аллаға дұға жасап, Салабаның малы көбейе бастайды.

Бұрын Пайғамбарымыздың ізімен мешіттен шықпай, үзбей намаз оқитындығы үшін «мешіт құсы»атанып кеткен Салаба мешіт­ке анда-санда ғана бас сұғатын болды, көбіне көп малын игере алмай намазын қаза етіп жүрді. Аз уақытта асып-тасқан малына жаңа жайылымдар іздеген ол тек жұма намаздарына келетінді шығарды.

Бірте-бірте оны да қойды. Осы уақытта зекет-садақа жайлы Алланың аяттары түсіп, әр мұсылман ша­ма-шарқынша өзгелерге көмек­тесіп жатқанда, Салаба:

– Бұларың қып-қызыл адам талау емес пе? – деп малының зекетін өтемей қойды.

Мұны естіген Пайғамбар:

– Қап, Салабаға обал болған екен, – деп мұңайды.

Салаба бір туысының жанына батыра айтуынан соң кедейлердің ақысын беріп, Алла алдындағы күнәсін жумақ боп арық-тұрақ малын айдап Пайғамбарымызға келгенде, ол кісі Алланың тыйымымен Салабаның малын енді қабылдай алмайтынын айтады.

Кейіннен Мұхаммед (с.ғ.с.) дү­ние­ден қайтқанда, одан кейінгі халифалар хазірет Әбубәкір мен ха­зірет Омар да оның зекетін қабылдамады. Хазіреті Оспан тұсында Салаба қайтыс болар алдында құлағында:

«Шүкірін өтей алатын аз малың шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе?» – деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөздері жаң­ғырып тұрды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.