Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 205
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовпен кездесті.

Кездесуге ҚР Дін істері және азаматтық вице министрі Берік Арын қатысты. Басқосуда Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен ректор Ерлан Батташұлы жастарды патриотизмге тәрбиелеу, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген игі жобаларды жүзеге асыру, «Президенттің әлеуметтік бес бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған студенттерге сапалы білім беру, оларды жатақханамен қамтамасыз ету, т.б. мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, студенттерге дәстүрлі діннің құндылықтарын жан-жақты жеткізу мәселесі де сөз болды. ҚМДБ төрағасы бұл бағытта  мүфтияттың ғалымдары тұрақты түсіндіру жұмыстарына үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

 

     

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.