Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ БЕКЕТ АТА БЕЙІТІ МЕН ЖЕРАСТЫ МЕШІТІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

0 575
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары барысында халқымыздың әйгілі ағартушыларының бірі, батыр, ұстаз, дін білгірі  Бекет Мырзағұлұлының бейіті мен жерасты мешітін зиярат етіп, Құран бағыштады.

Зиярат ету барысында ҚМДБ Пәтуа және шариғат бөлімінің бас маманы Бауыржан Әлиұлы Бекет Мырзағұлұлының салдырған мешіттері мен дәріс берген шәкірттері туралы әңгімелеп берді.

Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері Бекет ата жерасты мешітін аралап, ел игілігі мен бірлігі үшін дұға жасады.

ҚМДБ баспасөз қызметі 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.