Take a fresh look at your lifestyle.

Омар Жәлелұлы: Тойымсыз, обыр нәпсісіне ие бола алмаған Басшы – Елдің соры!

0 6  528

Иә, қазақта “Қатын бастаған көш оңбайды, құралай бастаған құс оңбайды” деген мақал бар. Қарағандыда тұратын досым, емші Бейіс ағамның айтуы бойынша, құралай деген құс болады екен. Оның тышқан боғы кәдімгі емдік қасиеті бар мумиеге айналады. Ол өзі әрі құс, әрі тышқын текті, ұзын жарғақ қанатын жиып, құйрығы тышқандікіндей ұзарып ініне кіріп кетеді екен. Кәдімгі құс сияқты талпынып ұшқанмен, жерден бес метрдей көтеріліп, қайта жерге топ ете қалады. Отырған кезде көзі айналып, айналаны түгел шолып, 360 градусты түгел көріп отырады. Сондықтан оған оқ тигізу қиынның қиыны, нағыз қас мергендердің ғана қолынан келеді. “Құралайды көзінен атқан мерген” деген сөз тіркесі осыған байланысты шықса керек. Ал “қатын” сөзіне келер болсақ, бұл сөздің бірнеше статусы бар. Бірінші мағынасы, Ел басқарған Қағанның әйелін Қатын дейді. Батыс үлгісіне салар болсақ Қаған – Император, Қатын – Императрица. Қарахан дәуірінен қалған Бабаджа Қатын кесенесі осының дәлелі. Екінші мағынасы, қыздық ғұмыры аяқталып, ер-азаматтың етегінен ұстап, байға тигенде әйел затының қатындық ғұмыры басалады. Үшінші мағынасы, әлгі батырлардың бір-бірін жекпе-жекке шақырған кезде айтатын “батырсың ба,әлде қатынсың ба?” деген сөзінен көрініп тұр. Бұл жердегі “қатын” енді Нәпсі мағынасында. Қазақ өз нәпсісін тыя алмаған ерекекті “қатын” дейді. “Қатын бастаған көш оңбас” деген мақал осыны меңзейді. Өзінің тойымсыз, обыр нәпсісіне ие бола алмаған Басшы – Елдің соры; ол ақыр түбінде сол Елді құртып тынады. Ал өз нәпсісін игеріп, бағындыра алған адамды қазақ Ер дейді. Ол еркек болуы да мүмкін, ұрғашы да болуы әбден мүмкін. Айтқан сөзінде тұратын, қақ-соқпен ісі жоқ, сөзі мен ісі бір жерден шығатын ұрғашыны қазақ Ер мінезді әйел дейді. Әйелдігін (нәпсісін) жеңіп, адамшылықтың, мәрттіктің шыңына көтерілген Аналарымыз Ел анасы деңгейіне көтеріліп, көш бастамақ түгілі бір рулы елдің ұранына айналғанына кәрі тарих куә. Кешегі өткен Қарқабат Ана, Домалақ Ана, Абақ Аналар осының айғағы. Қатындық – білімсіздіктен туады, Жанының азығын бермей, қу нәпсісін семірте берген адам Қатынға айналады. Ғұлама Ахмет Иүгінеки өзінің “Ақиқат сыйы” атты кітабында : “Білімді әйел – Ер, білімсіз ерекек – қатын” дейді. Сондықтан сөздің байыбына бармай, “қатынша тілмен шаптықпай, майданға түссе жарасар” (Абай) дегендей, білім майданына түсіп, атадан қалған асыл сөздерімізді түзеген кезде ғана, қоғамымыз түзеліп, қалпына келеді.

(Материал автордың фейсбук парақшасынан алынды.)

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.