Take a fresh look at your lifestyle.

Яссауи хикметтерінің түпнұсқасы табылды

0 414

Яссауи хикметтерінің түпнұсқасы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне табыс етілді деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Түркияның Стамбул қаласынан яссауитанушы ғалым, Қожа Ахмет Ясауидің жиырма жетінші ұрпағы, «Yesevi ocaklari» журналының бас редакторы Исметулла Ясауи келді.

Қорық-мұражайда өткен Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара барысында Исметулла Ясауи салтанатты түрде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» қолжазбасының түпнұсқасын «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлына табыс етті. Кітап 1212 жылы шағатай тілінде жазылған. Ясауитанушының айтуынша, жеті ғасырға жуық сақталып келген құнды жәдігердің түпнұсқасында жарыққа шықпаған қаншама дүниелер мол. Алдағы уақытта аталған құнды жәдігерді Астана қаласындағы Ұлттық сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығында аударма жұмыстарын жасату жоспарлануда.  

Салтанатты шара Наурыз мерекесін атап өтуге ұласты. Маңызды басқосуға жиналған халық музей ұжымы дайындаған наурызкөже мен дастарханнан дәм татып, концерттік бағдарлама тамашалады. Ұлыстың ұлы күнімен барша қызметкерлерді құттықтаған мекеме басшысы Нұрболат Қадырұлы ясауитанушы Исматулла Ясауиға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық мұражайы атынан арнайы сыйлықтар табыс етті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.