Take a fresh look at your lifestyle.

АДАМНЫҢ ИМАНЫН ӨЛШЕП, БАҒА БЕРУГЕ ҚАҚЫМЫЗ ЖОҚ – БАС МҮФТИ (ФОТО)

0 843
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау қаласында «Құспан-молла» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа айтқан уағызында осылай деді, – деп хабарлайды  ҚМДБ баспасөз қызметі.
«Кейбір бауырларымыз түсінбестіктен айналасындағы адамдарды дінсіздікте айыптап, күпірлікке шығарып жатады. Адамның иманын өлшеуге яки оның сеніміне баға беруге біздің ешқандай қақымыз жоқ. Өйткені, жүректі білуші – жалғыз Алла. Ата-анамыздың, көршіміздің, туған-туыстарымыздың, жалпы қоғамның бізде хақысы бар. Ата-анамыз болғаны үшін олармен көркем қатынас жасауымыз тиіс. Көршіміз өзге дін өкілі болса да оның көршілік хақысын беруіміз қажет. Хадисте айтылғандай, ақыретке сенетін мұсылман туыстық қарым-қатынасты үзбейді. Міне, сүннет, пайғамбар жолы дегеніміз осы», – деп жамағатқа насихатын жеткізді Серікбай қажы Ораз.

Бас мүфти «Құспан-молла» мешітінің құрылыс жұмыстарына демеушілік жасаған қайырымды кәсіпкерлерді алғыс хатпен марапаттап, ізгі лебізін білдірді.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.