Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пәтуа бөлімінің маманы бәтуалы пікір айтты (фото)

0 1  785

17-сәуір. Астана. /SUNNA.KZ/ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасы аясында, Астана өкілдігінің тапсырмасымен аптаның әр сәрсенбісінде мешітімізге Шариғат және пәтуа бөлмінің мамандары келіп, жамағатпен кездесуіде.

Өткен сәрсенбі күні ақшам намазынан кейін Пәтуа бөлімінің білікті маманы Хасан Аманқұлов мешіт жамағатымен кездесіп, тағылымды уағыз-насихат айтты. Тұрақты үрдіске айналған жиында 200-ге жуық жиналған мешіт жамағатына дастархан жайылды.

Биылғы Бас мүфтидың «Ислам және отбасы» жылы атты игі бастамасының негізінде, маман Отбасылық мәселелердің ең бір түйткілдісі және қазіргі кезде аса белең алап бара жатқан «Ажырасу» мәселесі жөнінде кең көлемде талдап, талқылап берді.

«Жапонияда адамдардың еңбек кітапшасына (көбінің) бір ғана қызмет жазылады екен. Ал бізде қалай? Бір еңбек кітапшамызда көптеген мекемеде қызметте болғанымыз жазылады. Жапондар, еңбек кітапшаңызда бір не одан көп қызмет еткендігіңіз жазылса онда сізді жұмысқа алмайды. Себебі ол жерден неге шықты, демек бір гәбі бар деп есептейді екен. Ажырасу деген нәрседе осы. Бізде кейбір әйелдерге күйеуге тигені жөнінінде еңбек кітапшасы секілді жазылып отыратын болса, үш рет, тіптен одан да көп тұрмысқа шыққан болып шығар еді. Ал өмір бойы бір еркекпен адал тұрып келе жатқан әйел – ол нағыз салиқалы әйел! Ажырасу – Алланың рұқсат еткен, бірақ ең жек көретін амалы. Біз мұсылмандар Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.а.) өмірін үлгі тұтатын үмбеттерміз. Кез келген бір тұйыққа тірелген кезде шариғаттан қараймыз, мұны пайғамбарлар істеген бе деген бәтуға жүгінеміз. Сонда қарасаңыз, Пайғамбарымыз үйленген, бір емес, көп әйел алды. Бірақ ешқайсысымен ажырасқан жоқ. Демек, біз Пайғамбарымыз істемеген, Алла Тағала оң көрмеген істі жиілетіп жібердік» – деді Шариғат және пәтуа бөлімнің маманы Хасан Аманқұлов.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.