Take a fresh look at your lifestyle.

«Жұмақтық әйел» атты дәріс өтті

0 369

ҚМДБ аясында «Ислам және отбасы» жылы болып жарияланғаны мәлім, осынау игі бастаманың негізінде, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен «Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі» атты кітабынан арнайы дәріс өз жалғасын табуда.  Аталмыш дәрісті әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова жүргізеді. Дәріс барысында «Жұмақтық әйел» тақырыбы жайында айтылды. 

(Дәрісте айтылған хадистің жазбаша нұсқасысы төменде көрсетілген.)

Қазақша мағынасы:

Aтa бин Аби Раббах былай дейді: Маған ибн Аббас:- Саған жұмақтық әйел көрсетейін бе? – деді.- Иә, иә! – дедім.- Анау қара әйел – деді. Ол әйел Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) барып: менің көпірме ауруым бар. Мен ашыламын (Есімнен та-лып кұлағанда үстім ашық қалады). Одан құтылу үшін Аллаһқадұға ет, деді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Сабыр ет жұмаққакіресің. Егер қаласаң саған шипа беру үшін Аллаһқа дұға қылайын» – деді (Бұхари, Мәрда 6; Мүслим, Бирр 54). Әйел: «сабыр етемін, бірақ мен ашыламын. Аллаһқа дұғажасаңыз, мен ашылмайтын болайын» – деді. Пайғамбарымыз даоған дұға жасады.

Хадиске түсініктеме:

Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) барған қара әйел Суайра есімді Хабаши тегінен шыққан әйел екендігі жайында деректербар. Ғалымдардың айтуынша, көпірме ауруы медициналықауру болып саналады. Ондай адам жүректің қысылып ау-руы нәтижесінде ауа жетпей есінен айырылып құлайды. Кейде мұндай ауру жын қаққанда болады. Жындар жақсы көргенадамдарын осындай ауруға ұшыратады. Сондай-ақ, адамдаржындарды көре алмағандықтан, олардың отырған жеріне кішідәрет сындырып немесе ыстық су төккендіктен, оларды ашу-ландырып осылай жазалайды. Сондықтан Хазіреті Пайғамбар(с.а.у.): «Жылан, шаян, кесіртке сияқты жәндіктер жын тектесжәндіктер. Кімде-кім осылардың біреуін үйінде көрсе оған үш мәрте: бұл жерден дереу кет! десін. 

Егер оған кетпейтін болсаоны өлтірсін. Өйткені ол – шайтан» – деген. Жоғарыдағы хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дұға сұрағанәйелге екі жол ұсынған. Егер қаласаң, сабыр ет немесе шипанықала деп ерік берген. Дәл осындай жайт көзі көрмейтін адамжайлы да болған. Имам Биргиуи «Тариқатул Мухаммадия» атты еңбегіндеосы жайтқа байланысты мынадай баға берген: Адамға кесірінтигізетін нәрселерден құтылудың үш жолы бар

Нақты: аштық пен шөлдегеннен нан мен су арқылықұтылуға болады.

Нақты емес (мүмкін): қан алдыру, ыстықты суықпен,суықты ыстықпен емдеу және жазылармын деген үмітпен дәріқолдану.

Қиялдау арқылы: от жағып, түтін түтетіп ыстау арқылыемдеу.Осылардың ішіндегі нақтыны мойындамау тәуекел ет-кенге жатпайды. Тіпті харам болып есептеледі. Ал қиялдаужолын мойындамау тәуекел етудің шартына кіреді. Өйткені Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қиял жолы арқылы емделудімойындамағандарды тәуекелге жатқызған. Жазылармын де-ген ниетпен орындалатын екінші жолға келер болсақ, мұны«медициналық жолмен емделу» десек те болады. Мұны қолданутәуекелге ешқандай кедергі келтірмейді әрі мұны қолданбаудыңешқандай әбестігі жоқ. Бұл деген сөз барлық нәрсені жаратқанжәне қиындықтарды жеңілдеткен Алла Тағала екенін ұмытпау. Яғни, мұндай қиындықтарға душар болған кезде Алла Тағалағатәуекел ету әрине орынды. Бірақ шыдамдылықпен сабыр еткенмұсылман аурудың дертін тек АллаһТағаладан тілесе, сөзсіз, олсауапты іс. Егер бұлай болмаса Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) оләйелге сабыр ет деп айтпас еді.Қорыта айтар болсақ, дәрігерлер мен дәрінің ауруға шипа бе-руі нақты себеп бола алмайды. Ал сабыр етіп, дәрі қолданбағанжағдайда мұсылман күнәһар болмайды. Бірақ дәрігер мендәрінің себепші екенін біле отырып, шипа беруші Аллаһ Тағаладеп ойлағаннан кейін дәрі ішу тәуекелге кедергі болмайды.Өйткені Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Алла Тағала берген әрбірдертінің шипасын да береді» – деген. Сондай-ақ емделудің дебірнеше жолын көрсеткен. Оның өзінің де кейде дәрі-дәрмекішкен кездері болған. Кейбір хадис кітаптарында медицинажайлы бөлімнің орын алуы бұған айқын дәлел бола алады. Бірақ, сонда да хабашилік әйел секілді шешім қабылдау – үлкенерлік. Мұндай іске бел буу екінің бірінің қолынан келе бермей-тіндігі тағы бір шындық. Өйткені басқа түскен бәлекетке сабырету әркімнің қабілеті мен түсінігіне қарай өзгереді. Жаратушы Алла Тағала басқа түскен ауыр іске сабыр сақтаған адамныңдәрежесін көтеретінін ұмытпаған жөн.Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.): «Алладан денсаулықсұраңдар» дегеніндей Алла Тағаладан үнемі екі дүниеніңамандығын сұрауымыз керек.

 
Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.