Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астана қаласы “Шейх Кунта қажы” мешітіне бас имам тағайындалды

0 1  955

Астана қалалық “Шейх Кунта қажы” мешітіне бас имам Наиб мүфти “Шейх Кунта қажы” мешітінің жаңадан тағайындалған бас имамын жамағатқа таныстырды, деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Астана қаласындағы “Шейх Кунта қажы” мешітіне бас имамдыққа Ережепов Сәбит Әзімбекұлы тағайындалды. Аталмыш тағайындау “Шейх Кунта қажы” мешітінің бұрынғы бас имамы Яхья қажы Исмайылдың басқа діни қызметке ауысуына байланысты орын алып отыр.Бүгін, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, “Нұр Астана” орталық мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлы қатарлы діни тұлғалар “Шейх Кунта қажы” мешітіне арнайы барып жұма намазына қатысты.

“Бисмиллаһир рахманир рахим!
Ережепов Сәбит Әзімбекұлы 03.05.2018 ж. бастап “Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы” республикалық Ислам діни бірлестігінің филиалы Астана қалалық “Шейх Кунта қажы” мешітінің наиб имамдық қызметінен босатылып, Астана қалалық “Шейх Кунта қажы” мешітінің бас имамдық қызметіне тағайындалсын!”, делінген Бас мүфтидің бұйрығында.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфтидің тағайындауын жеткізіп, Ережепов Сәбит имамды жамағатқа таныстырды. Сонымен бірге, С.Әзімбекұлына сәттілік тіледі.

“Сәбит имамға құтты болсын айтамыз. Мынау қызмет жауапкершілігі үлкен. Әуелі Алланың алдындағы жауапкершілік бар. Алла сізге жар болсын. Жамағатыңызға шынайы бір махаббатпен, шынайы бір сыйластықпен, ықыласпен қызмет етуді нәсіп етсін. Қасиетті Шағбан айында Рамазан айының қарсаңында тағдырыңызда осындай өзгерістер болып жатыр. Алладан сәттілік тілеймін”, – деді наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.