Take a fresh look at your lifestyle.

Наиб имам ардагер ақсақалды Жеңіс мерекесімен құттықтады

0 129

10-мамыр. Астана. /SUNNA.KZ/ – Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы ардагер ақсақалды Жеңіс мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтап қайтты.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасымен, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Әділ Агитаев асылдың сынығындай аз қалған ардагер қарияларды құттықтап, мешіт атынан ізгі ниетпен ілтипат-сыйлықтарын тарту етіп қайтты.

«Ислам мен бейбітшілік екеуі – егіз ұғым. Дінімізде ешкімді алалау, шеттеу жоқ. Дінімізде Ұлық Алланың жаратыныдысы болған жалпы адамзатқа деген  көзқарас ала бөтен емес. Ел тыныштығын, дін татулығын қолдаймыз қашанда. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дін мен дәстүріміздің біте қайнасқан тұсы. Сондықтанда, өздеріңіздей көнекөз қарттарымыздың саулығын тілейміз!»,  деді имам Әділ Агитаев.

Сонин Василий Евстафьевич қарт та отты жылдардың салмағын еңбек майданында сезініп, қабырғасы қатпай жатып қара жұмыспен танысқанын еске алады.

Көргені мен түйгені мол қария кешегі қиын-қыстау заманнан естелік айтып, елдің сол кездегі ынтымақ-бірлігі мен қайрат-қажыры жайында сыр шертті. Қарияның қазіргі тілегі де бейбіт күніміздің бұзылмауын, еліміз бен жеріміздің, дін аралық таулықтың бүлінбеуін тіледі. Сондай-ақ, Наиб Әділ Агитаев ақсақалға ғибратқа толы ғұмыры мағыналы да ұзақ болуына тілектестігін білдірді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.