Take a fresh look at your lifestyle.

Күйеуі жоқ әйел де – кедей…

0 446

ҚМДБ аясында «Ислам және отбасы» жылы болып жарияланғаны мәлім, осынау игі бастаманың негізінде, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен «Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі» атты кітабынан арнайы дәріс өз жалғасын табуда.  Аталмыш дәрісті әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова жүргізеді. Дәріс барысында «Cүйкімді үш нәрсе…» тақырыбы жайында айтылды. 

(Дәрісте айтылған хадистің жазбаша нұсқасысы төменде көрсетілген.)

Қазақша мағынасы:

Әнәс бин Маликтен (р.а.) риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай депті:
«Маған дүниеде үш нәрсе ерекшесүйкімді: әйел, хош иіс және көзімнің нұры болған намаз» (Ахмед ибн Ханбәл 3/128, 199; ән-Нәсай, Нәшратун-Ниса 10).

Хадиске түсініктеме
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Маған дүниеде үш нәрсе сүйкімді» дегенде ең алдымен әйелді айтқан. Өйткені, үмбетінің көбеюі мен Ислам дінінің құпия сырларын білу әйелдер арқылы болмақ. Мұсылман әйелдер ерлерден сұрауға ұялатын нәрселерін білімді әйелдерден сұрап үйренеді. Осылайша Исламның кең етек алып таралуына өз септіктерін тигізеді. Ақыретте ең көп үмбет Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмбеті болады. Өйткені, Хазіреті Пайғамбар: «Үйленіңдер, көбейіңдер, нәсілтаратыңдар! Қиямет күні сендердің көптіктеріңді мақтаныштұтамын» деген. Тағы бір хадисте: «Әйелі жоқ кедей – нағыз кедей» – дейді. Сонда бір сахаба:
– Мал-мүлкі болса да ма? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз(с.а.у.):
– Малы көп болса да – деп жауап беріп сөзін былай депжалғастырады:
– Күйеуі жоқ әйел де – кедей, кедей. Сахабалар:
– Мал-мүлкі көп болса да ма? – деп сұрады. Пайғамбар(с.а.у.):
– Малы көп балса дa, – деп жауап береді. Мұнда Пайғамбарымызүйленіп отау тігудің маңыздылығын білдірген, тілге тиекеткен. Екінші ретте хош иісті айтуының себебі: хош иістіңперіштелердің тамағы болғандығын, яғни, Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) тәндік тұрғыдан әйелдің, рухани тұрғыдан хош иістіңсүйкімділігін баяндайды. Бірақ, осылардың арқасында намазғаерекше орын берген. «Көзімнің нұры болған намаз» дегенсөзінен мұны айқын көруге болады. Алла Тағала Құранда былай деген: «Әй, мүминдер! Сабыржәне намазбенен Алладан жәрдем тілеңдер. Күдіксіз Алла Тағала сабыр етушілермен бірге» (Бақара сүресі: 153-аят). Хадисте баяндалғандай Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) басына қиын-қыстау іс түскенде намаз оқитын делінген. Намаз, дүние мен ақыретте мүминдер үшін көздің нұры етілген. Мүминдер осы нұрдың себебімен жұмаққа кіретіндіктері де айтылған.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.