Take a fresh look at your lifestyle.

Бүгін алғашқы Тарауық намазы оқылады

0 642

ҚМДБ және ғұламалар кеңесінің шешімімен 2018 жылы (1439 һ.ж.) Қазақстанда рамазан айы 17-мамырда басталады. Бүгін, яғни 16-мамыр күні құптан намазынан кейін еліміздің барлық мешіттерінде қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылады.  Биыл рамазан айы 29 күн жалғасады, 15-маусым ораза айт мерекесі. Маусым айының 11-інен 12-сіне қараған түні – Қадір түні.

Жылдағы қалыптасқан үрдіс байынша Астана қаласының тоғыз мешітінің барлығында тарауық намазы оқылып, басты мешітерден қалалық автопарктердің демеушілігімен жамағатты тегін тасымалдайтын автобустар қызмет көрсетеді.

Автобустардың қатынайтын жолқатынасы жайлы нақты ақпарат алдағы уақытта анықталып, сайттарда жарияланатын болады.

Биыл Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында бас шаһар тағы бір ауданмен толғады деп жоспарланып отыр.

«С.Ғылмани» мешіті бұрын «Сарыарқа» ауданына қарап келген болатын. Енді жаңадан салынған «Алланың гүлі» мешіті «Сарыарқа» ауданына тиесілі мешіт болып, ал жаңадан қосылатын «Байқоңыр» ауданына қарасты «С.Ғылмани» мешіті болмақ. Осыған орай қасиетті Рамазан айының ауыз ашар асына қалалық әкімшіліктің және аудан әкімшілігінің қолдауымен 200-300 адамдық үлкен шатыр тігілуде. Сонымен бірге, мешіт ауласына алты қанат боз үй тігілді. Оған да арнаулы қонақтарға ауыз ашар дастарқаны жайылмақ.

Ертең аталмыш орындарда Рамазанның алғашқы ауыз ашар асы беріледі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.