Take a fresh look at your lifestyle.

Мешітімізде хатым Құран басталды (фото)

0 1  289

16-мамыр. Астана. /SUNNA.KZ/ – Қасиетті Рамазан айында оқылатын Тарауық намазының басталуымен, басты мешіттерде Құран Хатым оқыла бастады.

Айлардың сұлтаны болған  қастетті Рамазан айының халық арасында «Құран айы» деген де кеңінен танылған екінші атауы бар. Яғни, бұл айдың қасиетті кітабымыз Құран Кәріммен байланысы ерекше. «Қадір» сүресінің 1-аятында:«Ақиқатында Біз оны Қадір түнінде түсірдік», дейді. Құран Кәрім осы айдың ең қасиетті түнінде уахи етіліп, түсе бастаған. Қасиетті айдың «Құран айы» деп аталуы да ең әуелі адамзат тарихындағы осы бір елеулі оқиға байланысты.

Әр жылдың Рамазан айында Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарымыз Мұхаммедтың (с.ғ.с.) қасиеттi Құранды дұрыс, рет-ретiмен жаттауын тексеретiн болған. Яғни, Алла Елшісі (с.ғ.с.) уахиды жеткізуші, ұлық періштенің бірі Жәбірейілге (ғ.с.) Құранды Хатым етіп тапсыратын болған. Бұл да адамзат тарихында алтын әріптермен жазылуға тиісті өнеге, ғибраты мол айырықша оқиға. Рамазан айы осысымен де ерекше.

Тарихи деректерге сүйенсек, мазһабымыздың көшбасшысы, ұлық имам Әбу Ханифа Рамазан айында Құранды бірнеше мәрте хатым еткені айтылады.

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның бастамасымен, еліміздегі барлық қарилар республиканың басты қалаларында болып, ай бойы Құран хатым етеді. Бұл игі бастама «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де өз жалғасын табуда. Мешітіміздің Бас имамы Жұманазар қари Өсерханұлы және наиб имам Бағзат қари Ақжол, соынымен бірге «Көктөбе» қарилар орталығының түлегі, көптеген республикалық һәм халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері Қайырбай Дәукенұлы ай бойы Құран хатым етеді деп күтілуде.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.