Take a fresh look at your lifestyle.

Мешітімізде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды (ФОТО)

0 442

17-мамыр. Астана. /SUNNA.KZ/ – Мешітімізде биылғы жылдың алғашқы ауызашар дастарханы жайылды.

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында, айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының кіруіне орай, ел мешіттерінде ауызашар дастархандары жайылып, ораза ұстаған мұсылмандар үшін арнайы ас мәзірі ұсынылды. 

Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де жыл сайын тұрақты артқарылар игі іс-шаралар қатарында. Биыл да өкілдіктің қадағалауымен ауызашар дастархандары жасалып, мыңдаған ораза ұстаушылар үшін арнайы тағам дайындалды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті де жыл сайынғы үрдіс бойынша, кәсіпкер азаматтар мен ауыз аштырып сауап алғысы келген азаматтардың демеушілігімен мешіт жанына тігілген үлкен шатырда және алты қанат боз үйдің ішінде Рамазан айының алғашқы ауызашары берілді.

Сондай-ақ, ауызашар барысында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Бағзат Ақжол жиналған жамағатты қасиетті Рамазан аймен құттықтап, аз-кем ауызшар дастаханының берекесі жайлы уағыз-насихат айтты.

Осылайша, Рамазан айының алғашқы ауызашар дастарханынан 400-ге жуық мұсылман дәм татты.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.