Take a fresh look at your lifestyle.

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ДҰҒА ОҚЫЛДЫ

0 85

31-мамыр. Астана. /SUNNA.KZ/ – Бүгін еліміз үшін аса маңызды күндердің бірі – 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай, мешітімізде арнайы ауызашар дастарханы жайылып, дұға бағышталды.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен, еліміздің барлық басты мешіттерінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 1930-1950 жылдарда зұлмат заманның тауқыметін тартып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына қасиетті Құран аяттары бағышталып, арнайы ауызашар берілді.

Осыған орай, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, мешітімізде 350-ден астам жамағатқа арналған ауызашар дастарханы жайылды. Аталмыш игі шараға наиб имам Оңғар Хайридинов қатысып, ел азаттығы мен мемлекеттің болашағы үшін шейіт болған бабаларымыздың күреске толы һәм ғибратты ғұмыры мен сауапты амалдары жайлы насихат айтылып, дұға жасалды.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.